Ауа райы
1 мин оқу 200

Алдағы үш күнде әлі де аяз сақталады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алдағы үш күнде республиканың солтүстік жартысы әлі де жоғары қысымды өрістің ықпалында болады. Сол себепті елдің басым бөлігінде аязды, желсіз және жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</span></p>

Қазақстанның батысында негізінен қар, шығыста - төмен қарлы боранмен қар, ал республиканың оңтүстік жартысында - жауын-шашын, кейде жаңбыр мен ылғалды қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

Сондай-ақ оңтүстік аймақтардағы ауа температурасы күндіз 7-12 жылуға дейін көтеріледі. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде - тұман, оңтүстігінде - жел күшейеді.

Бөлісу: