Қазақстан
1 мин оқу 360

«ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚазМұнайГаз&raquo; ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев &laquo;ҚМГ Инжиниринг&raquo; ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры болып Мәлік Сәлімгереев тағайындалды.

М.Сәлімгереев бұдан бұрын «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де сарапшы, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, мұнай мен газдың жаңа кен орындарын игеру, мұнай беруді ұлғайту, өндіруге қиын қорларды тарту саласындағы ҚМГ-нің стратегиялық міндеттерін іске асыруға жетекшілік етті.

Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ өндіру жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және перспективалық даму жөніндегі орынбасары, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және бұрғылау жөніндегі басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарды.

Бөлісу:
«ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар