Саясат
1 мин оқу 220

Өткен жылы бензин мен дизельдің рекордтық мөлшері өндірілді

<p style="text-align: justify;">2022 жылы АИ-92 бензині мен дизель отынының рекордтық мөлшері өндірілді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p> <div class="art-box" style="color: #0b67cd; text-align: justify;">&nbsp;</div>

Өткен жылы бензин мен дизельдің рекордтық мөлшері өндірілді

«Бұл көрсеткіштерге Шымкент мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуді 2023 жылға ауыстыру арқылы қол жеткізілді. 2023 жылы барлық үш МӨЗ-де қажетті жоспарлы жөндеулерді ескере отырып, өндіріс көлемі 13,4 млн тонна деңгейінде болжанады», деді Болат Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, 2022 жылы ішкі нарықты мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында:

  • АИ-80, 92-93 және жазғы дизель отынын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды реттеу белгіленді;
  • мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынды;
  • дизель отынының бағасы бірнеше есе жоғары шекара маңындағы елдерге бақылаусыз әкету тәуекелдерін төмендету мақсатында дизель отынының бағасы сараланды;
  • мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жүйесінде өнімсіз делдалдарды болдырмайтын заңнамалық нормалар қабылданды.

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ

Бөлісу:
Өткен жылы бензин мен дизельдің рекордтық мөлшері өндірілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар