Жәдігер
1 мин оқу 380

Жәдігер болып жеткен алғыс

<p style="text-align: justify;">Қарағандыдағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында тұрған бұл жәдігер Қазақстанға Украинадан жеткен.</p>

Жәдігер болып жеткен алғыс

Музей қызметкерлерінің айтуынша, оқиға былай болған. 1940 жылы Қазақстанға Украинадан жер аударылғандар арасында Любовь Михеева­ның әке-шешесі және туыстары болған. Олар Қарағанды топырағында жүріп жан сақтап қалса керек. Біраз жыл осында қоныс тепкен туыс­тары заман жақсарып, мамыражай күн туа бас­тағанда, Отанына қай­­та оралады. Ал Лю­бовь ханымның өзі Қа­ра­ған­дыда туған, осында тұрады. Қайбір жылдары атажұртын аралап барғанда, кезінде Украинаға қайт­қан бауырлары Любовь Ми­хееваның алдынан шы­ға­ды. Сонда бір әйел «жанымды сақтап қалған Қазақстанға менен бір белгі болсын, мына кестелі орамалды (рушник) Қара­ғандыдағы мұражайдың біріне тапсырарсыздар» деп аманаттайды. Сол жәдігер қазір об­лыстық бейнелеу өнері мұра­жайында тұр. Украиндық нақышта то­қылып, солардың ұлт­тық өрнегімен әдіп­телген бұл орамалды өздері қасиетті санайды екен. Өйткені ол Құдай бейнесі деп бі­летін Иконаның тұ­сына ілуге арналған. Любовь Михееваның туысының «Құдайдан кейін жанымды сақ­таған Қазақстанға ал­ғысым – осы» деген ілтипаты іспетті деп тү­сінуге болады. Өз­де­рі әулие тұтып та­бынатын қасиетті дүниесінің тұ­сына іл­ген кестелі орамал өткен күннің бел­гісіндей, тарихтағы күштеп жер аударуды және содан аман қалған жұрттың тәубесі мен шүкіршілігін әйгілеп тұр.

Бөлісу:
Жәдігер болып жеткен алғыс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар