Қоғам
1 мин оқу 290

Мемлекет меншігіне 5,3 млрд теңгенің мүлкі өтті

<p style="text-align: justify;">ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті &laquo;Eurotransit Nur Zholy&raquo; ЖШС-не қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Аталған заңды тұлға Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, аталған қызметке бағаны заңсыз өсірген. Атап айтқанда, компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-ның бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (ұзындығы 3 км) заңсыз жолмен қымбаттатқан», делінген ҚМА баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд теңгені құрады.

Тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 млрд теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) аудару туралы өтінішхат түсті.

Бөлісу:
Мемлекет меншігіне 5,3 млрд теңгенің мүлкі өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар