Аймақтар
1 мин оқу 384
Алматыда екі автобус соқтығысты
<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Анықталғандай, оқиға әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында, «Қазақфильм» киностудиясына қарама-қарсы жерде болған. № 31 автобус №116 автобусты соққан. Соққыдан №116 автобустың артқы әйнегі сынған.
«31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан. Алдын ала деректер бойынша алты адам дене жарақатын алды», делінген жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметінде.
Бөлісу: