Оқиға
1 мин оқу 255
Түркістан облысындағы үш ауданда 6 көше, 48 ауланы су басты
<p style="text-align: justify;">Түркістан полицейлері су басып қалған аудандардың тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ-ге сілтеме жасап.</p>
Соңғы ақпараттар бойынша, Түркістан облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында 6 көше, 48 аула су астында қалған.
Полицейлер мен тиісті қызметтердің қызметкерлері халыққа көмек көрсетіп, жаңбыр суының бағытын бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу: