Қаржы
1 мин оқу 342

Доллар бағамы 460 теңгеден төмендеді

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да төмендеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.</p>

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,88 теңгеге төмендеп, 459,92 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 460,87 теңгені құрады.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 459,46 теңгеден сатып алынып, 462,33 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 458,40 теңге, сату – 462,06 теңге. 

Бөлісу:
Доллар бағамы 460 теңгеден төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар