Елорда
1 мин оқу 690

Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр?

<p style="text-align: justify;">Елорда кәсіпорындарында жыл сайын өндіріс пен экспорт көлемі өсіп келеді. &laquo;Astana Invest&raquo; арнайы экономикалық аймақтарды дамыту департаментінің директоры Дияр Асқаров&nbsp;онлайн-брифингте өнеркәсіп орындарының дамуы туралы айтып берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Өткен жылы Астанада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 101,7% нақты көлем индексімен 1,9 трлн теңгеге дейін өсті. Өңдеу өнеркәсібінде 101,2%-бен 1,7 трлн теңгеге өнім өндірілді. Ал елорда өнеркәсібінің жалпы көлемінің 91% құрайды. Электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптау кәсіпорындары  - 7,6%, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау - 1,3% құрайды.

Елордадағы өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының қатарына металлургия, машина жасау, сусындар, резеңке, пластмасса, өзге де металл емес минералдық өнімдер, тамақ өнімдері жатады.

пнр

«2025 жылға дейін қаланың жалпы өңірлік өнімін 10%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда осы жылдың 1 жартыжылдығында қаланың ЖӨӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 9,4%-ы құрады. Елорданың өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 2022 жылдың қаңтар-тамызында 1,7 млрд АҚШ долларын құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өсті», деді Дияр Асқаров.

пр

Бөлісу: