Кино
1 мин оқу 320

Отандық фильм оза шапты

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсі&shy;рілген &laquo;Пар&shy;алимпиадашы&raquo; фильмі Мумбайда (Үндіс&shy;тан) өткен Шанхай ынты&shy;мақ&shy;тастық ұйымының кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды.</p>

Отандық фильм оза шапты

Режиссер Алдияр Байра­қы­мовтың бұл кинотуындысында басты рөлді сомдаған Ас­қар Ілиясов «Үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды. Фес­тивальге 14 елден бар­лығы 57 фильм ұсынылған. Өнер додасына отандық делега­цияны Димаш Құдайберген бастап барды.

Бұл аталған кино­картинаның алғашқы марапаты емес – өткен жылы ол Ресейде өткен кинофестивальдерде екі мәрте гран-приді иеленді.

Фильм қазақстандық пар­­алимпиадашылардың өміріндегі нақты оқиғаларға негіз­делген. 2018 жылы Пхенч­ханда жеңіске жеткен Қазақстандағы алғашқы қыс­қы Паралимпиада чемпио­ны Александр Колядиннің же­ңіске жету жолын баяндайды.

«Мен бүгін бақыттымын. Бұл – менің алғашқы сый­лығым. Біз үлкен еңбек жасап, бүкіл жанымызды салдық. Басты мақсатымыз – паралимпиадашылар туралы айту, олардың жеңістерінің артында қандай ерік-жігер, күш пен ұмтылыс тұрғанын көрсету. Бұл туынды мемлекеттік қол­даудың арқасында жарыққа шыққанына қуаныштымын», деді актер Асқар Ілиясов.

Сонымен қатар кинофести­валь­де отандық «Ұлы дала та­ңы», «Мұқағали», «Мама, мен ті­рі­­мін!» «Адемоканы оқыту» және «Ыс­тық­­­көл» фильмдері көрсетілді.

Бөлісу:
Отандық фильм оза шапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар