Қоғам
1 мин оқу 190

HELP сарапшыларының ұстанымы

<p style="text-align: justify;">Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комис&shy;сия&shy;ның төрағасы Игорь Рогов пен комиссия хатшысы Тастемір Әбі&shy;шев Еуропа Кеңесінің заң маман&shy;дықтары өкілдеріне арналған Адам құқықтары саласын&shy;дағы еуропалық білім беру бағ&shy;дар&shy;ламасының (HELP) сарапшылары Сергей Дикман мен Кристина Хохлованы қабылдады.</p>

HELP сарапшыларының ұстанымы

Кездесу барысында тараптар сот­қа дейінгі тергеп-тексеру сатысында адам құқықтарын қорғау, оның ішін­де Қазақстан Республикасының Құқық қорғау қызметінде азаптаудың алдын алу мәселелерін, сондай-ақ ко­миссияның еуропалық құрылым­дармен ынтымақтастығының перспективалары туралы талқылады.

Комиссия төрағасы Игорь Рогов Қазақстан Республикасында адам құ­қықтарын қорғау, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында жү­йелі жұмыс жүргізіліп жатқанын, бұл рет­те комиссия Еуропа Кеңесінен елеу­лі әдіснамалық және ұйымдасты­ру­шы­лық көмек алатынын атап өтті. Бү­гін­­де республикада құқық қорғау және ­сот жүйелерін терең реформалау жүргі­зі­ліп жатқан кезде Еуропа Кеңесінің HELP бағдарламасын сараптамалық қолдаудың маңыздылығын бағаламауға болмайды.

Еуропа Кеңесі делегациясының бас­шысы Сергей Дикман еуропалық құ­рылымдардың қазақстандық құқық қорғау институттарымен ынтымақ­­тас­тығын дамытуға қанағаттанғанды­ғын білдіріп, сапардың мақсаты құқық қорғау саласында адам құқықтарын қорғау, оның ішінде азаптау сияқты жа­ғымсыз құбылыстың алдын алу тетік­терін әзірлеу мақсатында заң маман­дықтарының өкілдері үшін жаңа білім беру бағдарламаларын талқылау болып табылатынын айтты.

Еуропа Кеңесінің делегациясы елі­міздің Жоғарғы соты, Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, Респуб­ли­калық адвокаттар алқасының, Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің басшы­лығымен, сондай-ақ Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау орган­дары академиясы мен Жоғарғы сот жа­нын­дағы Сот төрелігі академиясының ға­лым­дары және оқытушыларымен кез­десуді жоспарлап отыр. 

Бөлісу:
HELP сарапшыларының ұстанымы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар