Қазақстан
1 мин оқу 292

Үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы

<p style="text-align: justify;">Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамда өткен отырысында ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.</p>

Үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы

Іс-шараға Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов, Қыр­ғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшы­сы Ақылбек Жапаров және Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин қатысуда.

Шағын құрамда өткен отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жос­парланып отыр.

«Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін», деді отырыста сөз алған Премьер-министр Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар