Аймақтар
1 мин оқу 270
Алматы облысында бірқатар жол уақытша жабылды
<p style="text-align: justify;">Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысындағы жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жолдардың жабылуына жауын-шашын мен температураның нөлден төмен түсуі себеп болған.
Атап айтқанда, Алматы-Қонаев (25-67 км, Іле ауданы), Алматы-Шелек-Қорғас (25-320 км, Еңбекшіқазақ ауданы), Ресей Федерациясының шекарасы Екатеринбург-Алматы (2436-2214 км, Жамбыл ауданы), Алматы-Өскемен (78-124 км, Қонаев-Жоламан), Алматы-Өскемен (16-25 км, Алматы-ПВП терминалы), Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас (126-172 км) бағытындағы жолдар жабық тұр.
Бөлісу: