Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті
<p style="text-align: justify;">Алматыда өтіп жатқан «Digital Almaty 2023» халықаралық цифрлық форумның екінші күні Премьер-министр Әлихан Смайылов Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуімен басталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Кездесуде өткен жылдың 11 айында өзара тауар айналымы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өскені айтылды.
Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияның даму қарқыны жақсы, оның аясында жалпы құны $1 млрд-қа жуық 26 бірлескен жоба іске асырылды. Бұған қоса құны шамамен $23 млрд болатын 84 ірі жоба іске асырылуда және пысықталу сатысында. Осы жобалардың аясында 24 мың жұмыс орны құрылады деп күтіліп отыр.
«Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы бауырластық пен достық, сондай-ақ стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды нығайту Мәскеу үшін абсолютті басымдық болып табылады», деді Михаил Мишустин.
Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара сауда табысты дамып келеді, көрсеткіш 10 пайызға өсіп, 25,5 млрд долларға жетті.