Президент
1 мин оқу 360

Президент Байзақ ауданында жаңадан ашылған мектепке барды

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Байзақ ауданында жаңадан ашылған Көктал орта мектебіне&nbsp;барды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мектеп материалдық-техникалық жағынан толық жабдықталған, атап айтқанда 32 оқу кабинеті, 4 компьютер кабинеті, 2 лингофон кабинеті, 1 робототехника кабинеті, 1 спорт залы, шеберханасы, кітапханасы, медициналық пункті және асханасы бар. Сондай-ақ мектепте маңайдағы ауылдардан қатынап оқитын балалар үшін көлік тасымалы ұйымдастырылған.

2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында 9500 орындық 13 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның сегізі келесі жылы пайдалануға беріледі.

Айта кетсек, Президент жүктеген тапсырма аясында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында республика бойынша 800 мың оқушыға арналған 400-ден астам мектеп салынады.

Бөлісу:
Президент Байзақ ауданында жаңадан ашылған мектепке барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар