Президент «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасын аралады
<p style="text-align: justify;">Президент Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» <a class="text-entity-link" dir="auto" title="https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-myrzatay-auylyndagy-kus-fabrikasynyn-zhumysymen-tanysty-31755" href="https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-myrzatay-auylyndagy-kus-fabrikasynyn-zhumysymen-tanysty-31755" target="_blank" rel="noopener noreferrer" data-entity-type="MessageEntityUrl">құс фабрикасын</a> аралап көріп, кәсіпорынның цехтарымен және дайын өнімдерімен танысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Голланд технологиясымен 1 млн балапан өсіретін құс фабрикасында 250-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыс істейді.
Кәсіпорын жыл сайын 8 мың тонна бройлер етін өндіреді, сондай-ақ өнім ішкі нарыққа жеткізіледі және Ресейге, Қырғызстанға экспортталады.
Биыл құс фабрикасының өндірістік қуатын 12 мың тоннаға дейін арттыру үшін жалпы құны 1,4 миллиард теңгені құрайтын 6 нысан салу жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құс шаруашылығының дамуы жөнінде мәлімет берілді.