Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
<p style="text-align: justify;">Елорда әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, онколог-маммолог, хирург дәрігер Юрий Жуков онкологиялық сырқаттанушылық, атап айтқанда, сүт безі қатерлі ісігі көрсеткіші жайлы жаңа деректермен бөлісті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Дәрігердің айтуынша Астана бойынша жалпы сырқаттанушылықтың 180,1-ден (2021 жылы) 180,6-ға (2022 жылы) дейін өсу үрдісі байқалады, бұл жалпы ауруды алдын ала анықтау, тұрақты түрде скринингтер жүргізумен және жалпы өлім-жітімнің 71,1-ден (2021 жылы) 67,0-ге (2022 жылы) дейін төмендеуімен байланысты болып отыр.
«2007 жылдан бастап Астана қаласы бойынша сырқаттанушылық құрылымында сүт безі обыры 1-орында, былтыр 401 сырқат жағдайы тіркелген, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 30,3 құрады (2021 жылы – 100 мың адамға шаққанда 344/28,4), скринингтерді енгізуге байланысты сырқат белгілерін уақытынан ерте анықтау 6,6%-ға артты. 2021 жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 6,7-ден 6,2-ге дейін өлім-жітімнің 7,5%-ға төмендеуі байқалады, аурудың 1-2-сатысының ерте диагностикасы жақсарды және 90,2% – 3 (2021 жылы – 87,0%) 3,7%-ға жоғары көрсеткішті құрады. Бүгінгі таңда 3 мыңнан астам әйел сүт безі обыры бар диспансерлік есепте тұрады», деп нақтылады Юрий Жуков.
Бұл ретте, дәрігер қатерлі дертке шалдығатындар қатары жасарып келе жатқанын назарға салды. Сырқаттанушылықтың 50-60%-ы 40-60 жас аралығындағы науқастар арасында тіркелген. Дегенмен қатерлі ісік 20-30 жастағы науқастарда да жиі кездеседі.