Аймақтар
1 мин оқу 414

Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады

<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық мобильділік басқармасы қала маңындағы елді мекендер тұрғындарының өтініші бойынша 10 ақпаннан бастап жаңа №230 маршрут іске қосылатынын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол «Ақсай-1» шағын ауданы аялдамасынан бастап, Төле би көшесі – Момышұлы көшесі – Райымбек даңғылы – Шымкент/Алматы тас жолы – Абылай хан даңғылы бойымен Қаскелең қаласына қарай жылжиды, айналма жолдан кері бұрылады және қарсы бағытта жүреді.

Бұл бағытта 13 минуттық аралықпен 10 автобус жүреді.

Бөлісу:
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар