Ауа райы
1 мин оқу 250

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында және солтүстік аймақтарында тұман түседі.

Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде аздаған бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыста, оңтүстікте, облыс орталығында көктайғақ сақталады, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, таңертең және күндіз облыс орталығында 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда қаласында кей жерлерде көктайғақ болып, тұман күтіледі.

Батыста, солтүстік-шығыста, Маңғыстау облысының орталығында тұман күтіледі, түнде облыстың солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Ақтауда түнде тұман күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар