Аймақтар
1 мин оқу 450
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
<p style="text-align: justify;">Алматы облысында ауа-райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Атап айтқанда, «Алматы-Өскемен» тасжолының Байсерке ауылынан Қонаев қаласына дейінгі жол учаскесі жабылды.
Сонымен қатар «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолының Панфилово ауылынан Жаркент ауылына дейін, «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» тасжолының Байсейіт ауылынан Көкпек ауылына дейін көлік қозғалысы шектелді.
Айта кетейік, жолшылар жабық учаскелердің жүріс бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бөлісу: