Оқиға
1 мин оқу 230

Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Оралда жан түршігерлік жол апатынан 33 жастағы Audi жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу: