Аймақтар
1 мин оқу 270

Ержүрек полицей баспаналы болды

<p style="text-align: justify;">Арқалық қаласында бесінші қабаттан құлап бара жатқан қызды құтқарып қалған патрульдік полиция қызметкеріне пәтер берілді.</p>

Ержүрек полицей баспаналы болды

Естеріңізге сала кетсек, то­сын жағдай осы жылдың 7 қаң­тарында Арқалық қаласында бол­ған еді. Сол күні таңғы сағат 05:30-да  қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына қыздың бесінші қабаттан құлап бара жатып, балконның темір қор­шауынан ұстап қалғаны туралы суыт хабар келіп түседі.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов шұғыл жетеді. Алмат Әмірхан сыртта қалып, әріптесі дереу бе­сінші қабатқа қарай жүгіре жөнеледі.

Алайда қыз дәл осы сәтте жерге қарай құлдилай жөнелген. Төменде тұрған Алмат Әмірхан құлап келе жатқан қызды қағып алады. 

– Полиция қызметкерлері өңірдегі қоғамдық тәртіпті қам­тамасыз етеді және күнделікті жұмыста қиын жағдайларға тап болады. Кейде адам өмі­рін құтқарып қалып жатады. Қызметте жүріп осындай ер­лікке барғаны үшін Алмат Әмір­ханды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды, – деді Арқалық қаласының әкімі.

Қызды құтқармақ болып аяғынан жарақат алған Алмат Әмірхан әлі емделіп жатыр. По­лиция аға лейтенанты бұған дейін туыстарымен бірге тұрып келген.

Бөлісу:
Ержүрек полицей баспаналы болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар