Қоғам
1 мин оқу 760

Қазақстан қылмыс көп жасалатын 50 елдің қатарында тұр

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қылмыс индексі бойынша елдер рейтингінде 48-ші орынға тұрақтады.&nbsp;Еліміздің индексі 52,7 құрады. Индекс неғұрлым жоғары болса, елдегі қылмыс деңгейі соғұрлым жоғары болады. Аталған рейтингке&nbsp;142 ел кірген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Индекс сауалнамалар негізінде елдегі қылмыстың жалпы деңгейін бағалайды. Рейтингті жасаушылар Numbeo сарапшылары қылмыс деңгейі 20-дан төмен, 20-дан 40-қа дейін өте төмен, 40-тан 60-қа дейін орташа, 60-тан 80-ге дейін жоғары және ең соңында 80-нен жоғары деп санайды.

ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда қылмыс деңгейі Беларусь пен Қырғызстанда жоғары, ал Молдова, Ресей және Өзбекстан қауіпсіз елдер қатарына енді.

Бұл ретте, Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан қылмыс көп жасалатын елдердің рейтингін ашты. Ал Катар ең қауіпсіз ел болып саналады.

Finprom сарапшылары атап өткендей, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 157,5 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға аз.

Алматыда ең көп құқық бұзушылық тіркелді: 34,9 мың, жылына плюс 25,9%. Антилидерлер үштігіне Астана (17,1 мың құқық бұзушылық) және Алматы облысы (12,6 мың құқық бұзушылық) кірді.

Ең аз бұзушылықтар жаңадан құрылған Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында тіркелді.

Бөлісу:
Қазақстан қылмыс көп жасалатын 50 елдің қатарында тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар