Илон Маск Түркияға көмек көрсетуге дайын
<p style="text-align: justify;">Америкалық миллиардер Илон Маск SpaceX компаниясы жер сілкінісінен кейін зардап шеккен Түркияға көмек көрсету үшін Starlink спутниктік байланыс жүйесінің терминалдарын жіберуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы миллиардер өзінің Twitter парақшасында жазды.
«SpaceX рұқсат алғаннан кейін терминалдарды жіберуге дайын», делінген хабарламада.
Ол Starlink түрік билігінен құтқарушыларға көмектесу үшін терминалдар жіберуге әлі рұқсат алмағанын түсіндірді.
Starlink-ті Түркия үкіметі әлі мақұлдамаған. SpaceX мақұлдауды алғаннан кейін ғана жібере алады.
Биліктің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан Түркияда 76-дан астам адам, Сирияда 50-ден астам адам қайтыс болған.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті