Оқиға
1 мин оқу 360
Екі сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды
<p style="text-align: justify;">Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2021 жылы туған және 2022 жылы дүниеге келген сәбилерін сатқан 1991 жылы туған БҚО-ның тұрғынын анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ-ге сілтеме жасап.</p>
Аталған дерекке қатысты ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Бөлісу: