Оқиға
1 мин оқу 351
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Төтенше жағдайлар министрлігінің «СОМЭ» сейсмикалық стансалар желісі 7 ақпанда Астана уақытымен таңғы сағат 8:45-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,2 және MPV магнитудасы - 4,7 болды.
Оқиғаның тереңдігі 15 шақырымды құрады, сезілуі туралы дерек жоқ.
Бөлісу: