Әлем
1 мин оқу 715

Түркияда тағы да жер сілкінісі тіркелді

<p style="text-align: justify;">Түркияның Хатай провинциясының жағалауында 4,4 балдық жер сілкінісі&nbsp; болды. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабар таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 04:29-да тіркелді. Жер сілкінісі Жерорта теңізінің жағалауында Түркияның Сириямен шекарасында орналасқан Яладага ауданынан 50,7 шақырым жерде болды. Зілзаланың ошағы 44,17 км тереңдікте орналасқан.

Сондай-ақ Түркияның орталық бөлігінде 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпулер Астана уақытымен сағат 09:13-те тіркелді. Эпицентрі Гельбашы ауданынан 5 шақырым жерде болса, ошағы 2 шақырым тереңдікте жатты.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында Сирияның бірнеше провинцияларына әсер еткен бірқатар жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 7-ден асты.

Бөлісу:
Түркияда тағы да жер сілкінісі тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар