Елорда
1 мин оқу 380

Елордадан үш млн текше метрге жуық қар шығарылды

<p style="text-align: justify;">Елорда көшелерін қар мен мұздан тазарту бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметтері барлық төрт ауданда екі ауысымды режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

7 ақпанға қараған түні қаладан 9,4 мың текше метр қар күреліп, қала сыртындағы полигондарға шығарылды.

Бүгін таңертең қар күреу жұмысына 2,1 мың жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

р

Жалпы, қыс мезгілі басталғалы бері бас шаһардан 3 млн текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 236 мыңнан астам рейс жасалды.

Жұмысшылар қала бойынша құм-тұз қоспасын себу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айта кету керек. Арнайы қоспа қала тұрғындарының емін-еркін жүруі үшін көшелерге, жолдарға, тротуарларға және адам көп жиналатын орындарға себіледі.

пилд

р

Бөлісу:
Елордадан үш млн текше метрге жуық қар шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар