Оқиға
1 мин оқу 210
Талдықорған тұрғыны әкесін өлтірді деген күдікке ілінді
<p style="text-align: justify;">6 ақпан күні Көктал шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Әкесімен сөзге келіп қалған 18 жастағы жігіт ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген», деп жазылған Рolisia.kz таратқан хабарламада.
Оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды.
Бөлісу: