Әлем
1 мин оқу 160

Қазақстанның Қытаймен шекарасында жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Қытаймен шекарасында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның Қытаймен шекарасында жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘЭ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 7 ақпанда Астана уақытымен таңғы сағат 8:45-те жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,2, MPV магнитудасы - 4,7. Сілкініс ошағының тереңдігі - 15 шақырым.

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ

Бөлісу: