Қаржы
1 мин оқу 260

Нарықта доллар бағамы төмендеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне қарағанда, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап құлдырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күндізгі сауда нәтижесі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,67 теңгеге төмендеп, 456,98 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 7 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 457,70 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 457,32 теңгеден сатып алынып, 460,35 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 457,93 теңге, сату – 462,01 теңге. 

Бөлісу:
Нарықта доллар бағамы төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар