Ауа райы
1 мин оқу 274

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

<p style="text-align: justify;">Ертең, 8 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауады. Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды. Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі, жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстік-батыста - көктайғақ, күндіз оңтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Астанада көшпелі бұлт шығып, өткінші қар жауады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -21...-23°С, күндіз -15...-17°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, бірақ жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кейде тұман түседі. 0-5 м/с екпінімен жел соғуы ықтимал. Ауа температурасы түнде -3...-5°С, күндіз +3...+5°С болады деп күтіледі.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +12...+14°С.

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, Алматыға көктем ерте түсуі мүмкін. 

Бөлісу: