Түркияда 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы бар - СІМ
<p style="text-align: justify;">Түркияда 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгінде Түркияда консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы тұр. Атап айтқанда, Анкарада - 498, Ыстанбұлда – 45, Анталияда - 189 адам бар. Соңғы мәлімет бойынша Түркияда 8 219 қазақстандық студент білім алып жүр. Түрік тарапының мәліметінше, елде Қазақстанның 785 мыңға жуық азаматы болуы мүмкін», деді Айбек Смадияров.
Соңғы мәлімет бойынша, Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 4 мыңнан асады. 20 мыңнан аса адам түрлі дене жарақаттарын алған.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ