Оқиға
1 мин оқу 350
Курил аралдарында 5,8 балдық жер сілкінісі болды
<p style="text-align: justify;">Сейсенбі күні Тынық мұхитының Курил аралдары маңында магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Ресей ғылым академиясының геофизикалық қызметінің Камчатка бөлімшесі хабарлады.
Жер сілкінісі Камчатка уақытымен 18:45-те болды.
«5,8 балдық жер сілкінісі 42 км тереңдікте болды», делінген мекеменің хабарламасында.
Айта кетейік, жер сілкінісінің ошағы Ресейдің Северо-Курильск қаласынан 189 шақырым жерде орналасқан.
Бөлісу: