Оқиға
1 мин оқу 253
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Оқиға кеше Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында Алматы-Бішкек автожолының 82-шақырымында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқиға болған жерде 8 көлік бір-біріне соғылған. Апат салдарынан Mercedes жеңіл көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Ұзынағаш ауылының ауруханасына 1958, 1978 және 1984 жылы туған үш адам жеткізілді, олардың екеуі автобус жолаушысы.
Аталған дерекке қатысты Жамбыл ауданы ПБ-да ҚР ҚК-ның 345-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Бөлісу: