Президент
1 мин оқу 391
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақордаға сілтеме жасап.</p>
Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
– Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.
Бөлісу: