Аймақтар
1 мин оқу 250
Ақтөбе облысында электр станциясы өртенді
<p style="text-align: justify;">Оқиға Ақтөбе облысының Алға ауданында орын алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«8 ақпан күні сағат 9:39-да Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөліміне электр станциядан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына облыстық ТЖ департаментінің өрт сөндіру қызметі жіберілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Жалын барлық қауіпсіздік ережелеріне сай оқшауланып, кейіннен толық сөндірілді.
«Басқа учаскелерді де өрт шалмау үшін қажетті іс-шаралар кешенін өткіздік. Өрт сағат 10:40 шамасында толық сөндірілді», деп нақтылады ТЖ басқармасының қызметкерлері.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
Бөлісу: