Білім
1 мин оқу 280

«Болашақ» түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">Жәрмеңкеге IT, телекоммуникация, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания қатысады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Болашақ» түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

10 ақпанда Астанада «Болашақ» бағдарламасының инженерлік-технологиялық мамандықтары бойынша түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабар таратты.

Жәрмеңкеде IT, телекоммуникация, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания «Болашақ» түлектеріне бос жұмыс орындары мен мансаптық мүмкіндік ұсынады. Олардың ішінде Қазақтелеком, QazInnovations, Қазпошта, Kcell, Tele2, Қазақстан ғарыш сапары, Astana Hub және тағы басқа компаниялар бар. 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ

Бөлісу:
«Болашақ» түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар