Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елдің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, атап айтқанда республиканың солтүстік жартысында төмен қарлы боранмен қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ еліміздің оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болжанып отыр, ал елдің шығысында қалың қар жауады», делінген синоптиктердің хабарламасында.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.