Музей
1 мин оқу 565

Мәншүк шай ішкен самаурын

<p style="text-align: justify;">Павлодардағы Әскери даңқ музейінде Мән&shy;шүк Мәметованың жез самаурыны сақта&shy;лып тұр. Музей қызмет&shy;кер&shy;ле&shy;рінің айтуынша, дәл осы самаурынды ұстағысы ке&shy;ле&shy;тін оқу&shy;&shy;шылардың қа&shy;ра&shy;сы қа&shy;лың көрінеді.</p>

Мәншүк шай ішкен самаурын

Әскери даңқ музейі ата-бабаларымыздың ерлік жолын жас ұрпаққа насихаттауда ерекше көзге түсіп жүр. Потанин атындағы та­­рихи-өлкетану музейінің қыз­­­­меткері Же­ңісбек Қадыр­ұлының айтуынша, жәдігер 2014 жылы тапсырылған. Оны «Май­дан жолы» іздес­тіру жа­сағының мүшесі, қо­ғам бел­сен­дісі Жұмабек Қам­зин Не­вель­ден арнайы алып келген.

ыпвр

– Сол жылдары Ресей­­дің Псков облысы Не­вель қала­сына экспедиция ұй­ым­­дастырылды. Жа­сақ мү­шелері қазақ жауын­гер­ле­рінің ерлік жасаған өңір­ле­рін аралап, белгісіз жа­уын­герлердің жерленген зираттарын іздестірді. Ре­сейлік іздестірушілер Мән­шүк Мәметова пай­даланған самаурынның табылғаны туралы айтқан екен. Содан Жұмабек ағамыз оны аттай қалап сұрап алады да біз­дің музейге әкеліп тапсырды. Былтыр қазақтың ба­тыр қызының туғанына 100 жыл толуына орай музей­де мектеп оқушылары мен сту­денттердің, қала қонақ­та­рының қатысумен еске алу кештері өтті. Онда осы жә­­дігер жөнінде кеңінен әң­гі­меленіп, қаһарманның өмі­­­рінен деректер айтылды. Самаурынға қатысты тың мәліметтерді жинадық. Даңқ­­­ты пулеметші қыз пай­да­ланған жәдігер бүгінде му­зей­ден өзінің лайықты орнын тапты, – дейді ол.

Мәншүк Мәметова 1943 жылы Невель тү­бінде ер­­лікпен қа­за тапқаны та­рих­­тан бел­гілі. Екінші дү­ние­жүзілік со­ғыс кезінде 95 әйел Кеңес Одағының Баты­ры атағын алған. Ал оның екеуі қазақ қызы еді. Ұрпақ ба­қыты, ұлт болашағы үшін жан берген апа­ларымыздың ерлігі осындай жәдігерлер арқылы ел есінде жаңғыра бермек.

ПАВЛОДАР 

Бөлісу:
Мәншүк шай ішкен самаурын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар