Жаңалықтар
1 мин оқу 320

Еуразиялық экономикалық одақ өткізу нарығын кеңейтеді

kolbasa03АСТАНА. 18 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ шағын және орта бизнес өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге ықпал етеді. Петропавлдық «Фрегат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Асқар Қапезов осылай деді. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. Асқар Қапезов: «Еуразиялық экономикалық одақ шағын және орта бизнес нарығын кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін туғызады, сондықтан өз өнімдерін сатуға мүдделі субъектілер жаңа жұмыс формаларын іздейтін болады. Себебі олар танымал фирмалармен бәсекелеседі», – деді. 1996 жылы ашылған «Фрегат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шұжық өнімдерін өндірумен шұғылданады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: BNews.kz. Фото: aikyn.kz.
Бөлісу:
Еуразиялық экономикалық одақ өткізу нарығын кеңейтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар