Әлем
1 мин оқу 630

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты

<p style="text-align: justify;">Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 12 391-ге, жараланғандар саны 62 914-ке жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Anadolu&raquo; ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.</p>

6 ақпан күні таңертең Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Түркия президенті атап өткендей, бұл жер сілкінісі 1939 жылдан бері болған ең ірі апат болды.

Түркияда үш күннен бері жерасты дүмпулері жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырған еді.

Бөлісу:
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар