Қазақстан
1 мин оқу 314

Қазақстаннан шетелге мал шығаруға шектеу қойылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан экспорттау шарттары айқындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан экспорттау шарттары айқындалды.

Жаңа шарттарға сәйкес келесі сандық шектеулер (квоталар) енгізілді:

  • 60 000 бас мөлшерінде бұқашықтарды әкетуге (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102)
  • қошқарлар (тауар номенклатурасының коды 0104) саны 120 000 бас.

Ведомство басшысының бұйрығына сәйкес 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қойлар үшін квоталар белгіленді.

1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша лимит – 500 басты, 1 тауар өндірушіге – 200 басты, 1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша – 1000 басты, 1 тауар өндірушіге – 500 басты құрайды.

Бөлісу:
Қазақстаннан шетелге мал шығаруға шектеу қойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар