Ауа райы
1 мин оқу 311
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша республиканың оңтүстігінде, шығысында қар жауады.
«Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», делінген хабарламада.
Мамандардың болжамына қарағанда, республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал.
Бөлісу: