Қоғам
1 мин оқу 610

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді

<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгеретінін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді

Министр атап өткендей, Әлеуметтік кодекске жаңа ұғым - «Аналарды марапаттау» енгізілді. Дүйсенованың айтуынша, ол «Күміс алқа», «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.

«Марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшері де сараланады. Бүгінгі таңда 6-7  және одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де өзгереді. 7 және одан да көп баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы 7,4 АЕК-ке дейін өседі», деп нақтылады Тамара Дүйсенова.

Бөлісу:
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар