Теннис
1 мин оқу 271

Жас теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары өзгерді

<p style="text-align: justify;">Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтинг нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚТФ-ға сілтеме жасап.</p>

Қазақстанның жас теннисшілері рейтингтегі орындарын жақсартты.

Мәселен, Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындады, ол қазір 105-орында тұр. Сондай-ақ Максим Батютенко - 120, Даниал Рахматуллаев - 202, Виталий Зацепин - 209-ші сатыда келеді.

Жуырда Қарағанды қаласында өткен жарыста жеңімпаз атанған 15 жасар Әмір Омарханов 345-ші орыннан бірден 269-ға көтерілді. Ілияс Маратұлы 308-інші (+55), Ерасыл Бақтияр 875-інші (+64), Заңғар Нұрланұлы 907-орынға жайғасқанын да атап өту керек.

Қыздар арасында Сандуғаш Кенжебаева 80-орнында қалса, Асылжан Арыстанбекова – 132, Дана Байдәулет – 147, Айя Нұпбай – 149, Іңкәр Дүйсебай – 411, Әдемі Аманкелді 446-сатыда тұр.

Бөлісу: