Қоғам
1 мин оқу 431

Сайлауға қанша шетелдік байқаушы тіркелді?

<p style="text-align: justify;">ОСК хатшысы Мұхтар Ерман комиссияның отырысында сайлауға қатысуға тіркеліп жатқан шетелдік байқаушылар туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мұхтар Ерманның айтуынша, 2023 жылдың 20 қаңтарында халықаралық байқау институты ашылғалы бері ОСК бір шет мемлекет пен екі халықаралық ұйымнан 25 байқаушыны ресми түрде тіркеді. 

«2023 жылдың 9 ақпанындағы жағдай бойынша комиссияға Сыртқы істер министрлігінен екі шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 37 байқаушыны тіркеу ұсынылған», деді ол.

Атап айтқанда, ҚХР-дан 2 кандидатура және Нидерланд Корольдігінен 3 кандидатура мақұлданды. Сонымен қатар Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан тағы 32 байқаушы ұсынылды.

ОСК мүшелері қаралған мәселе бойынша комиссияның тиісті қаулысын қабылдады.

Бөлісу: