Оқиға
1 мин оқу 341

Заңнаманы бұзған шетелдіктер елден шығарылды

<p style="text-align: justify;">Үндістанның үш азаматы ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден тысқары шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Жыл басынан бері көлік полицейлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 121 азаматты, оның ішінде 86 шетелдікті Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Оның айтуынша, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 19, 21 және 32 жастағы Үндістан азаматтарын анықтады. Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған.

Бөлісу:
Заңнаманы бұзған шетелдіктер елден шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар