Спорт
1 мин оқу 260

Марктің алғашқы мүмкіндігі

<p style="text-align: justify;">Ұлыбританияның әйгілі велошабандозы, әлемдегі ең үздік спринтердің бірі Марк Кавендиш жыл басында &laquo;Ас&shy;тана&raquo; велокомандасының жейдесін ки&shy;гені белгілі.</p>

Марктің алғашқы мүмкіндігі

Сол даңқты велошабандоз Қазақстан велокомандасы сапындағы алғашқы жарысын 10 ақпанда өтетін біркүндік «Маскат Классика», 11-13 ақпан аралығына жоспарланған «Оман турынан» бастамақ. Аталған жарыста Марк Кавендиштен бөлек, Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы, дәл осы «Оман турында» 2018, 2019 жыл­­дары қатарынан екі рет топ жарған жер­ле­сіміз Алексей Луценко, Евгений Федо­ров, сонымен қатар Мануэле Боаро (Италия), Ха­рольд Техада (Колумбия), Мартин Лаас (Эс­тония), Леонардо Бассо (Италия) өнер көрсетеді.

2010 жылдан бері велоспортшылардың халықаралық күнтізбесіне енген «Оман туры» алты кезеңге жалғасады. Оның алғаш­қы екі кезеңі жекелей жарыстан, қалған төрт кезеңі таулы және спринтерлік кезеңдерден тұрады. Жарыс жеңімпазы ең соңғы таулы кезеңде анықталады.

Бөлісу:
Марктің алғашқы мүмкіндігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар