Алакөл жағалауында өрт сөндіру депосы салынады
<p style="text-align: justify;">Дәл осындай 4 нысан Семей мен Аягөз қалаларында да бой көтереді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.</p>
Жақында Үкіметтен 40 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетін болды. Қомақты қаражаттың бір бөлігі аймақтағы демалыс базаларындағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталмақ. Былтыр естеріңізде болса, шілдеде 4 ірі демалыс орны отқа оранып, 3000 шаршы метр аумақтағы ғимарат күлге айналған болатын. Кәсіпкерлер шығын көлемі 2 млрд теңгеден асып түскенін мәлімдеген.
- Кешенді жоспарда Төтенше жағдайлар департаментіне 37 млрд теңге қарастырылған. Осы Қабанбай ауылында өрт сөндіру депосы салынатын болады. Тағы қосымша бір жақсы катер, қайық алып жатырмыз,- деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.